Отбасы күнін Семейліктер де көтеріңкі көңіл күймен атап өтті. Жүректерден жасақталған жасыл алаңда мыңдаған қала тұрғындарының қатысуымен тұңғыш рет жас жұбайлардың некесі қиылды. Жас жұбайлар бұл күнді үлкен толқыныспен асыға күткені байқалады. Олар атаулы күні шаңырақ құрып, жаңа өмірге қадам басты. Жиналғандар жастарды заңды түрде некелерімен құттықтады.Көпшіліктің лебізінен шабыттанған жастар, қуаныштарымен бөлісті.

ДАМИР РАМАЗАНОВ – ЖАС ОТБАСЫ
Барша Семей халқын Отбасы мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Осы күнге жеткеніміге қуаныштымыз. Бізде отбасылы болып жатырмыз. Заңды түрде некемізді қиып жатырмыз. Барша Семей халқы мерекелеріңіз құтты болсын. Міне Аллланың нұры жауып тұр. Көңіл-күіміз күшті. Бойдақтарға жұғысты болсын осы күн.

Отбасы күні құрметіне жиналған жұртшылық махаббат пен жылулыққа толы отбасылық «Жұлдызды жұп» байқауын тамашалады. Семейліктер назарына қоғамдағы отбасылық құндылықтарды нығайтуға бағытталған сурет көрмесі ұсынылып, әжелер ансамблі өнер көрсетті.

МАРЖАН БАХАТОВА – МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
Жалпы айтады ғой Отан – отбасынан басталады ғой деп. Адамзаттың еліміздің дамуы осы отбасылардан басталады деп ойлаймын. Осы тамаша мереке қарсанында еліміздегі әр отбасында тыныштық береке, ырыс, несібе мол болсын. Еліміздің іргесі тыныш болсын. Мереке құтты болсын.

Қатысушылар дайындық барысында жанұя мүшелері бұрынғысынан да жақын, бір мақсатқа бірігетіндерін байқаған. «Жұлдызды жұпта» бақ сынаған жандардың бірі Рахимовтар әулеті. Олардың басты ұранықандай жағдай болмасын бір біріне кешіріммен қарап, ыстық ілтипаттарын көрсету.

ДИДАР ОТЫНБАЕВА – БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫСЫ
Осындай шаралар жалпы жиі ұйымдастырылып тұрса, біз секілді жаңа енді ғана бой көтеріп келе жатқан жас отбасыларға өте қызықты бір жағынан. Отбасымызбен бұл шараға ерекше дайындалдық. Балапандарымызбен арнайы уақыт бөлісіп, қай жерде кім қалай айтады. Әннің барлығын дайындап, өзіміздің жүрек қалауы болды осы ән.

Отан отбасынан басталады.Жарасымда жанұяда, берекелі шаңырақта өскен ұрпақтың өмірге көзқарасы салауатты қалыптасады. Қалалық әкімшілік алдағы уақытта әртүрлі буын өкілдерінің басын қосатын жобаларға басымдық бермек.

АРАЙБЕК ХАМЗАЕВ – СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Мұндай шараларды біз жалғастыратын боламыз. Кешегі өткен «Аналар күні», бүгінгі «Отбасы күні» сынды шаралар көп болады. Бұл шаралардың маңыздылығы отбасылық құндылықты нығайтуға септігін тигізеді. Бұнда қала тұрғындары белсені қатысуда.

Бұл күні ауа-райы сәл қабағын шытқанымен бағдарлама көпшліктің көңілінен шықты. «Жұлдызды жұп» байқауына белсенді қатысқан жанұяларға арнайы аталымдар мен ақшалай сыйлықтар берілді.