Облыс орталығы мәртебесін алғаннан бері Семей қаласына келушілер саны көбейе бастады. Осыған байланысты Семейде қала келбетін жаңарту жұмыстары белсенді жүргізілуде. Жақында Мәңгілік ел көшесінде орналасқан жаңа қоғамдық кеңістіктің құрылысы басталды.Бұл жоба заманауи және жайлы ортаны құруға бағытталған.

Мәңгілік ел көшесін абаттандыру жұмыстары өткен жылы басталған болатын. Облыс әкімінің орынбасары Димитрий Гариковтың айтуынша, аталған аймақта 2023 жылдың соңына қарай қысымды коллектор, сумен жабдықтау жүйесі мен жылу трассасы ауыстырылды. Жалпы, Мәңгілік ел көшесін Жамақаев көшесінен жағалауға дейін өзгерту, сондай-ақ қаланың оң жағалауын Бейбітшілік аралымен байланыстыратын жаяу жүргіншілер көпірі құрылысының жобасын әзірлеу жоспарлануда.

ДИМИТРИЙ ГАРИКОВ – АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Бекітілген эскиздік жоба мен сараптамадан өткен, әзірленген жоба бар. Сондай-ақ, қалған аймақтардағы жұмыстар бюджет қаражаты есебінен жалғастырылатын болады. Яғни, жалпы алғанда, Мәңгілік ел көшесі Жамақаев көшесінің учаскесінен Шмидт жағалауына дейін жаңартылатын болады. Ал, Шмидт жағалауы бойынша жобалық сематалық құжаттама әзірленуде. Сондай- ақ Семей қаласының оң жағалауын Бейбітшілік аралымен байланыстыратын жаяу жүргіншілер көпірі салынады.

Арбатта демалуға арналған арнайы алаңдар, спорттық ғимарат, балалар ойын алаңдарын құру, сондай-ақ жарықтандыру жүйесін жақсарту жоспарлануда. Мамандар атап өткендей, Мәңгілік ел көшесінде тротуарлардың болмауы көлік қозғалысы үшін де, жаяу жүргіншілер үшін де қауіпті. Сондықтан бұл аумақты абаттандыру жұмыстары басымдыққа ие болмақ.

ГЕННАДИЙ ПЬЯНОВ – МЕРДІГЕР
Уәлиханов көшесінен Дулатов көшесіне дейін, шамамен 1 шақырымдық жол біржақты болады. Жаяу жүргіншілер жолы пайда болғалы, жолдың бір жақ бөлігі кеңіп қалды. Адамдар емін- еркін жүре алады. Осы маңдағы кәсіпкерлерге де өз септігін тигізеді. Себебі, адамдар көп жүретін болады.
Мердігер ұйым өкілдерінің айтуынша, абаттандырудың негізгі элементтерінің бірі-қала келбетіне өзіндік үлес қосатын тақырыптық мүсіндер. Бірегей ортаны құру және қала тұрғындары мен қонақтардың назарын аудару үшін ұлттық стильде жасалған шағын сәулет нысандарын орнату жоспарлануда. Сонымен қатар, көшені көгалдандыруға да көңіл бөлінеді.
ГЕННАДИЙ ПЬЯНОВ – МЕРДІГЕР
Өсімдіктер саны көп және олар көпжылдық өсімдіктер мен ағаштар. Сонымен қатар гүлдер түзу өсу үшін гүлзарларды дайындаудамыз. Олар жолды ажыратуға да көмектеседі. Жаяу жүргіншілер жолының маңына ағаштар мен көшеттерді отырғызу жоспарлануда. Жоспар бойынша өсмдіктер көпжылдық. Осы аумақтағы көпжылдық өсімдік көлемі 7 мың.
Салынып жатқан жаңа демалыс орындары қала тұрғындарының көңілнен шығуда. Олар жаңа демалыс орындары қалаға ерекше көрік береді деп санайды.

Қалада осындай демалыс орындарының салынғаны өте жақсы. Менің ойымша, бұл біздің қала тұрғындары үшін ғана емес, қала қонақтары үшін де өте жағымды болады, өйткені адамдар демалуға, балаларымен отыруға, зейнеткерлерге де демалуға орын бар. Өте керемет. Көпір астында, медакадемияның жанында да керемет демалыс орындарын жасады. Мен демалыс орындарының көп болғанын қалаймын.

Өте жақсы, осы жерден салынып жатқанына қуаныштымын. Алаңнан Арбатқа дейін жаяу жүргіншілер аумағын салу, қаланың дамуы үшін өте жақсы. Балалармен бірге қыдыруға болады. Осы жерлер жасыл аймаққа айналады деп ойлаймын.

Иә, маған құрылыс жұмыстарының басталғаны ұнайды. Бірнәрсе жетіспей тұратындай көрінетін. Мен медициналық университетте оқимын және қазір ол жерге Аллея салынған. Бұл өте керемет, өйткені университет өте ыстық болғандықтан үзіліс кезінде шығып, таза ауамен дем алуға болады.

Жаңа қоғамдық кеңістіктің құрылысын ағымдағы жылдың маусым айында аяқтау белгіленген Құрылыспен айналысатын мердігер ұйым өткен жылы Шмидт көшесінде осындай жұмыстар жүргізген. Кейбір орындықтардың сынғанын атап өтті. Кепілдік мерзімі аралығында олар ауыстырылады деп уәде берді. Мәңгілік ел көшесінде вандализм жағдайларын болдырмау үшін бейнебақылау камералары орнатылады. Бұл қадам қоғамдық кеңістіктерді бұзақылардан қорғауға бағытталған.