12 МАМЫР – АНАЛАР КҮНІ

Биыл жаңа мереке қосылды. Алдағы жексенбі «Аналар күні» болып бекітілді. Бұл мереке отбасылық құндылықтарды кеңінен насихаттауға, отбасы институтын нығайтуға ықпал етеді. «Аналар күні» ел бойынша алғаш рет тойланбақ. Аналар қоғамның әр саласында еңбектенуде. Қоғамға қызмет ете жүріп, бала тәрбиесімен айналысады. Солардың бірі Дина Карашева. Жасы 36-да. 2 баланың анасы. Аутист балаларға арналған «Жарқын болашақ» орталығының директоры. Әлеуметтік салаға келуіне ұлының сырқаты себеп болған.

ДИНА КАРАШЕВА – «ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Анаға құрмет, әйелге құрмет деген біздің өмір сүру нормамыз болу керек. Өйткені, тек қана әйелдер емес барлық адамдар құрметке лайық. Ана құрметі деген біздің қоғамда жақсы дамыған деп ойлаймын. Ана деген үлкен дәрежеге ие.
Дина Карашева ананың бала өміріндегі орны ерекше екеніне тоқталды. Оның өсуіне, тұлға болып қалыптасуына барлық жағдай жасау керекпіз, дейді. Ана мен бала арасында көзге көрібейтін айрықша ыстық байланыс бар. Бүлдіршін дүниеге келген күннен бастап ананың жылы махаббатына бөленеді.
ДИНА КАРАШЕВА – «ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Заманауи өмірде технология дамыған кезде әйелдер үлкен-үлкен жетістіктерге жетуге тырысады. Бірақ ана рөлі әйел үшін ең бастысы. Үлгересін бизнеске де үйлгересін, жұмысқа да үлгересін. Бірақ бала өсіру, балаға қарау, балаға дұрыс тәрбие беру. Үй іші ата-ана тәрбиесінен артық еш нәрсе жоқ бала үшін. Бала барлық тәрбиені үйден алады. Ең бастысы үйде отырып қамқоршы болып отырған, тіреуші болып отырған анасынан алады тәрбиені.

Әріптестері Дина Карашева әрдайым көмектесіп қол ұшын созуға дайын тұратынын атап өтті. Әр баламен жеке жұмыс жасау керектігін, оларға өз болмыстарына сай қызмет көрсетілетінін ұдайы айтып, еске салып жүреді, дейді олар.

ТОҒЖАН БЕЙСЕНБИНОВА – ПСИХОЛОГ
Ол кісі өте тәжірибелі білікті маман және басшы. Кез келген уақытта қолын созып көмектесуге әрдайым дайын отыратын басшылардың бірі.
Орталықта аутизммен сыртқаттанатын және сөйлеу қабілеті төмен балаларға арнайы қызмет көрсетіледі. Мекеме басшысы балапандарының дертімен күресіп жүрген аналарды, батыр аналарға теңеді. Себебі баласы дертке шалдықса, ең үлкен ауыртпашылық анаға түседі, дейді ол. Сол үшін де нәзік жандыларымызға мамандар тренингтар, психологиялық сағаттар, арнайы кездесулерді жиі ұйымдастырып тұрады.
ДИНА КАРАШЕВА – «ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ» ТҮЗЕТУ ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Психологиялық жағынан аналарға өте қиын. Диагнозды білу, диагнозды қабылдау, баланы қабылдау. Баламен қалай жұмыс жасаймын, қандай мамандарға апарамын деген шешемідерді тез қабылдау керек. Өйткені уақыт тоспайды балаға көмек көрсету керек. Ең бірінші балаларды аналары алып келеді. Аналарды қолдау, аналарға психологиялық жасынан көмек көрсету ең басты, ең маңызды жұмыстардың бірі деп санаймыз.

Бүгінде түрлі саланың дамуына өз үлестерін қосып жүрген нәзік жандылар аз емес. Олар өз ошақтарының ұйытқысы болып, кәсіби дамып келеді.

АРУЖАН ТАУБЕКОВА