Курчатовта жастарға арналған демалыс орындары жетіспейді. Жергілікті тұрғындар жастардың сонда тұрақтап қалғанын қалайды. Ол үшін жастардың спортпен айналысуына мүмкіндік беріп, салауатты өмір салтын насихаттауға үлес қосатын орындар қажет.

Курчатов қаласы тұрғындарының айтуынша, қалаға жастар мен балалардың дамуына қажетті нысандар керек. Қазірде сондай қолайлы орын жоқ. Саябақтарды жаңартудың да уақыты келді, ал спортпен айналысатын орындар жетіспейді.

Біз мысалы баламызбен кешке қыдырайын десек, баламен баратын орындар жоқ. Кешке баратын жерін көбі үлкендерге, балаларға арналмаған. Көбінде кафелерге барайық десек – как обычно жабық жатады. Ашық жататын бір-екі кафе бар. Фитнес жастарға барғысы келеді, бірақ фитнес тоже біресе бар, біресе жоқ.
Әрине, даму керек. Мұнда балаларға арналған шығармашылық клубы бар. Онда көп балалар баралы, және, негізінен, нәтижелер бар. Алайда бұл біздің қала үшін жеткіліксіз.

Қала әкімі Болат Әбдірәлиев қалада мұндай мәселенің барын айтты. Демалыс күндері тұрғындар сергу үшін басқа қалаларға қатынайды. 

БОЛАТ ӘБДІРӘЛИЕВ-КУРЧАТОВ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ
Жұма күні мен Курчатовтың көшесіне шықтым. Жұма күні кешке қарай 200-ге жуық көліктің Семей қаласына немесе Павлодарға бағыт алғанын көрдім. Олар жай демалуға, бос уақыттарын өткізуге кетеді. Сондықтан, егер мұнда сондай орындар қызмет көрсететін болса, онда олар жақсы табыс әкелетінін орын болатынына сенімдімін.

Қала басшысының айтуынша, жергілікті кәсіпкерлерге қолда бар ғимараттарды жөндеп, сол жерде ойын-сауық мекемесін ашу ұсынылды. Алайда, әзірге бұл ұсынысты қолдай қойғандар аз. 

БОЛАТ ӘБДІРӘЛИЕВ-КУРЧАТОВ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ
Біз қалталы азаматтар мен кәсіпкерлермен сөйлестік. Әйгілі франшизалар бойынша да кездесіп жатырмыз. Олармен келісуге тырысамыз, біздің қалада франшиза ашуды ойластырып жатырмыз. Инвесторлармен келісеміз. Әзірге мен ештеңені нақты айта алмаймын. Бірақ үлкен жоспарлар, белгілі бір келісімдер бар. Қалада заманауи, қызықты орындар ашылатын болады.

Әкім сондай-ақ қолда бар демалыс аймақтары жабдықталатынына уәде берді. Сонымен қатар, биыл Курчатовта шағын футболға арналған екі алаң салғысы келеді. Дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің жобасы әзірленді, алайда бұл мақсаттарға тек облыстық бюджеттен қаражат бөлінеді. Ақша жеткіліксіз болғандықтан әкімдік республикалық бюджеттен де қаржы табуды жоспарлап отыр. Қазір қалада ондаған талантты спортшы тұрады, олардың арасында Әлем чемпиондары, халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері бар, бірақ жағдай қарастырылмағандықтан, олар басқа қалаларға көшу туралы ойлануға мәжбүр болып отыр.