Қар араласқан қар мен жылы ауа- райынан қала көшелері суға толды. Жаяу жүргіншілерге жүргіншілер жолын кесіп өту қиындық тудыруда. Тіпті, суды жалдап өтуге мәжбүр. Қала тұрғындары атап өткендей, Чехов, Рубусин, Қаржаубайұлы, Қабанбай батыр көшелері көлшікке айналған.

Тұрғындар:
-Қарды ерте шығару керек еді. Немесе сорғызып тастау керек еді. Халыққа жайсыз болып тұр. Жана пешеходтан өттім, мына жерге дейін су, әне елдің бәрі өтіпр жатыр.
Мүмкін, қар тазалау жұмыстарын дұрыс жүргізбеген болар, сондықтан да барлық жерде қар еруде.
-Міне мен қазір жолды қалай кесіп өтсем екен деп ойланып келемін, себебі айналамның бәрі суға толы.
Аталған мәселе бойынша қалалық әкімдікке сауал жолдадық. Мамандардың айтуынша, жолдардағы суды сору үшін барлық техника мен күш салынуда.
АЙДАНА ТІЛЕУҒАБЫЛОВА СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ
Қазіргі таңда Семей қаласы бойынша суды тазалауға 10 АС машина, 8 бірлік жылжымалы мотопомпалар, цистерналары бар 8 автомашина жұмыс жүрізуде. Сондай ақ кәріз суларды қабылдау құдықтарын тазартуға арнайы техника бөлінді. Қазіргі таңда соңғы 3 тәулікте 7000 текше метрден астам су сорылды, яғни тазартылды. Сондай-ақ қаланың басқа бөліктерінде коммуналдық қызметтермен су сору жұмыстары үздіксіз жүргізілуде

Жолдарға су жиналмау үшін Семей қаласының әкімдігі 2023 жылы 5 дренажды кәріз құрылысы бойынша жұмыстар жүргізді. Арық тартылды. Алайда, осыған қарамастан, биыл да қала көшелерін қар суы басып кетті.