Көгерген бассейн туралы толығырақ білу үшін Курчатов қаласының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жетекшісімен байланыстық. Алайда, мектеп басшысы әкімдікке біздің келетінімізді ескертпегенімізді атап өтті. Десе де бассейінге қатысты жауап беруге келісті. Ал ғимарат ішінде қала әкімінің орынбасары күтіп тұрды. Ол желдету қуаты мекеменің көлеміне сәйкес келмейтінін хабарлады. Сондықтан әр қыста бұл жерде көк пайда болады.

НҰРБЕК ҚОШҚАРБАЕВ – КУРЧАТОВ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Бұл бассейн, біріншіден, спонсорлар арқылы істелген бассейн. Бұл мемлекеттік қаражатына істелмеген нәрсе. Және де спонсорлар жасаған кезде олар бір жерін нақты дұрыс істемеген сияқты болып тұр. Вентиляциясын жасаған кезде бұнын мощность осы бассейнның көлеміне кішкене аздау болып тұр.


Бассейн жергілікті әкімдікке 2021 жылдың қараша айында қолданысқа берілген. Алайда пайдалануға беру актісі 2022 жылдың қаңтарында алынған. Бассейннің өзі сол жылдың қыркүйегінде жұмыс істей бастады. Мәселе бұрыннан белгілі болды, сондықтан жергілікті атқарушы орган қайда қарады деген орынды сұрақ туындайды. Өйткені, көгеру тыныс алу органдарында көптеген ауруларды тудырып, теріге де кері әсер етуі мүмкін. Бұл сұрақ төңірегінде қала әкімі де жауап берді.

БОЛАТ ӘБДІРӘЛИЕВ – КУРЧАТОВ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ

Бұл сыйға тартылған нысан. Ол негізінен «Казцинк» қаражатына салынды және біздің Ұлттық ядролық орталығы да қатысты. Біз «Казцинкпен» өткен жылы келіссөздер жүргіздік. «Сыйлық үшін рахмет, бірақ одан да жақсы, әдемі болса» деген өтініш білдірдік. Олар бірден бізбен келісті. Жұмыстың ақысын төлеуге дайын екендіктерін айтты, бірақ біз жөндеуге дайын ұйымды табуымыз керек. Көріп отырғаныңыздай, ғимарат кішкентай, жұмыс шамалы ғана, сонзықтан оған көбі келісе қоймайды. Дегенмен бүгінгі күні бір ұйымның келісімін алдық.