Өткен жылдан бастап біздің телеарнаның редакциясына Курчатов қаласының тұрғындарынан шағымдар түсе бастады. Белгілі болғандай, әлі күнге дейін шешімін таба алмай келе жатқан түйіткіл көп. Тұрғындар көтерген мәселелермен жете танысу үшін біздің түсірілім тобы Курчатов қаласына барды. Біздің түсірілім тобы Курчатов қаласына дүйсенбі күні таңертең жетті. Олардың жұмыстары ең алдымен жергілікті тұрғындармен, дәлірек айтсақ, олардың шағымдарымен танысудан басталды. Курчатов қаласы тұрғындарының көпшілігі жылудың сапасына қанағаттанбайды. Әсіресе, Победа мен Алексеенко көшелеріндегі үш қабатты үйлерде жылу нашар. Тұрғындар аязды күндері үйде де қалың жемпір киюге мәжбүр.

Тұрғындар:
-Қазір салқын. Бізде негізінен жылы болған. Үйіміз бірінші қабатта. Аязды күндері батареяларды ыстық болатындай қыздырмайды. Суық болғандықтан үйде шұлық пен тәбішке киіп жүргім келеді.
-Жалпы, жылу өте төмен. Кейде тіпті үйде қалың киініп жүруге тура келетін кездер болады. Екінші мектеп білесіз бе? Мен өзім сол жерде сабақ беремін, мұғаліммін. Қыс мезгілінде өте суық.

Сонымен қатар қала тұрғындарының айтуынша сумен жабдықтауда да бірқатар олқылықтар бар.

Тұрғындар:
-Жылыту маусымы басталған сәттен бастап сумен жабдықтауда бітпейтін мәселелер басталады. Үнемі болатын апаттарды су құбырының ескіруімен байланыстырады.
-Әрине, ақауларсыз болмайды. Осыдан бірнеше күн бұрын апат деп, суды өшіріп тастады. Қыс уақытында көп болады.

Жергілікті тұрғындармен сөйлескеннен кейін біздің түсірілім тобы қаланы айналып өтіп, мынандай көрініске тап болды. Сағат таңертеңгі 10-нан кетті, бірақ түтін құбырдан енді шыға бастады. Бұл көріністі әкімнен сұрадық. Курчатовқа түсірілім тобының баратындығы туралы жергілікті әкімдікке ақпарат жеткізілген. Қала басшысы Болат Әбдіралиев бұл құбырлар шынымен жұмыс істемейтінін, өйткені олар ескі жылу электр орталығы екендігін атап өтті. Қазандық ең кішкентай құбыр болып шықты. Бұдан бөлек әкім қалада көптеген мәселелер бар екенін растады.

БОЛАТ ӘБДІРАЛИЕВ-КУРЧАТОВ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ
Біздің қалада жылу тапшылығы бар. Бір кездері Кеңес заманында дизельмен жұмыс істейтін екі жылу электр орталығы болған, бірақ оларды біраз уақыт бұрын бұзып тастады. Олардан соң белгілі бір талаптарға сай келмейтін жергілікті 4 қазандық салынды. Қазіргі уақытта қалаға сапалы жылу беруге мүмкіндік беретін бірыңғай жылу көзін салуға жобалық-сметалық құжаттама әзірлеп жатырмыз. Ол құжатта желілерді қайта құру қарастырылған.

Әкім аязды күндері суық болатын пәтер иелері өз үйлерін өздері жылытуы керек деп санайды.

БОЛАТ ӘБДІРАЛИЕВ- КУРЧАТОВ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ
Өте суық уақытта пәтерлерде жылу сақталмайды.. Мен ол үйлерде де болдым. Кішкентай сәбилерді аяймын. Ата- аналарға терезелерінің тең жартысын мұз басып қалғандығын да айттым. Мен өзім де осындай үйде тұрамын , жылыту үшін қарапайым скотчты пайдаланымын.

Болат Әбдіралиев сумен жабдықтау жағдайы да нашар екенін айтты. Сүзгілер мен су желілерінің бір бөлігі ескірген, кейбір құбырлар тіпті шіріген. Су ағатын жерлер де бар. Сонымен қатар, тұрғын үйлердің жоғарғы қабаттарына су көтерілу үшін қысым жетіспейтін үйлер де бар. Жергілікті атқарушы органдар жылу мен сумен жабдықтау жағдайын жаздың аяғында реттеуді көздейді.

Жұлдызай Маратқызы