Қыс мезгілі басталғалы қала аумағынан 40 мың текше метрден астам қар шығарылған. Ал соңғы 3 тәулікте айлық көрсеткіштен асатын қар жауды. Коммуналдық кәсіпорындар 4 мың текше метрден аса қар тасыды. Қала жолдарын қардан аршу жұмыстары тәулік бойы жүргізілуде. Ақпанның соңында Семейге нағыз қыс келді. Табиғат ақ ұлпасын аямауда. Апта ішінде қалың қар жауып, коммуналдық қызметтерге де жұмыс көбейіп тұр. Қала көшелерін күндізгі уақытта 80-нен аса техника, түнде 100-ден артығы қардан тазартуда. Дегенмен тоқтаусыз жауып жатқан қардан жолдарды тазарту оңайға соғып жатқан жоқ.

- Машиналары бар адамдарға өте қиын. Әсіресе бізде Юность кентінде жолдар жаман, күрелмеген, не тазаланбаған.
- Қар жауғанда, осындай қарлар тайғақ, адамдар құлайды. Аяғымыз таяды, құлаймыз жолдан өте алмаймыз. Жолды тазалап қарларды шығарса, таза болса.

Күндіз-түні қар шығару жалғасуда. Толассыз жауған қар да дес берер емес. Су тасқыны болу қауіпі бар аймақтар ерекше назарда. Казкрай, Сроство, Затон, Дальная аудандарында да қар тазалау жұмыстары жүргізілуде. Мамандар ең алдымен қоғамдық көлік жүретін жолдарға басымдық бергендерін айтады.

ӘДІЛБЕК УВАСИЛОВ – СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ М. А.
Қар ақырғы 3 тәулікте тоқтамай жауды. Сенбі күні тоқтамай жауды, Кеше басталған қар бүгін таңертен басылды. Құмды жолға сепкенмен бұнын бәрі қар жауғаннан басылып қалып жатты. Қазіргі уақытта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тратуардағы қарлар бойынша бізде арнайы техникалар бар тратуарларды жинауға арналған. Олар тоқтамай жұмыс жасап жатыр.

Қала жолдарымен бірге қала маңындағы елді-мекендерде де қар тазарту жұмыстары жүріп жатыр.


АРУЖАН ТАУБЕКОВА