Ерте жастан бастап балаларды қарапайым еңбек дағдыларына баулу және еңбекке дұрыс көзқарасын қалыптастыру өте маңызды. 8 жастағы Асылжан Қаныбеков қазақи нақыштағы бұйымдар жасайды. Мектептен тыс уақытында анасына көмектесіп жүріп, әшекей жасауды сүйікті ісіне айналдырды.

8 жастағы Асылжан анасымен бірге түрлі қазақи әшекей бұйымдар жасайды. Ол анасының қолқанаты. Кішкентайынан қолөнерге әуес. Анасы болса ұлын еңбекке ғана баулып қоймай, ұлттық құндылықтарды сіңіруде. Қол еңбегі бала денсаулығына да өте пайдалы, себебі бұл ұсақ моториканы дамытып, баланың сөйлеуіне, ой-өрісіне де жақсы әсер етеді.

БАЛАУСА ЖҰМАНБАЕВА-ҚОЛӨНЕРШІ
 Мен кішкентай кезінен балаларды қолдарының ұсақ моторикасын дамытумен жұмыс жасайтынымын, бұл жерде түрлі ұсақ бөлшектермен жұмыс жасаған кезде оның саусақ ұштарының моторикасы дамыйды ғой деген ой келді де, ұлымды шақырып жасатып көрдім, қолынан келе ма жоқ па деп. Оның қолынан келетінідігін көрдім де, онда бірге жасайық дедік. Ол өзі бірден қызығып кетті, себебі бұл баланың психотипіне байланысты да шығар, себебі менің 4 балам бар соның ішінде үлкен ұлым шыдамды, ол бір нәрсені ұзақ уақыт жасап отыра бере алады.

Асылжан сабақтан тыс уақытта анасына көмектеседі. Қазақи әшекей бұйымдар жасап, мұны қазір отбасылық шағын кәсіпке айналдырып отыр. Сабақ үлгерімі де өте жақсы, сыныптағы дарынды, үлгілі оқушылардың бірі. Спортты да жаны сүйеді, жүзумен және таэквондомен айналысады.

АСЫЛЖАН ҚАНЫБЕКОВ-ЖАС ҚОЛӨНЕРШІ
Мен осы шекелік, шашбауларды былтырдан бері жасаймын. Бізге адамдар тапсырыс береді, біз сол идеяға қарап шекелік, шашбауларды жасаймыз плоскогупсилар бізге сақиналарды салып, соны жабу үшін керек, үйткені ол сақиналарды біз қолмен аша алмаймыз. Мысалары осы төртеуі сол үшін қажет. Ал мынау осындай шынжырларды кесу үшін. Біз осындай нәрселерді аламыз, өлшейміз да мына жерден қиып тастаймыз, содан біз бұйымдарды жасаймыз. Мысалы мынау содан жасалған.

Асылжан сағаттап ұялы телефонда отырмайды. Еңбек етіп, үйіне болысады. Өмірлік мақсаты бар. Өзін үнемі дамытатын бала ғана, жетістікке жете алатынына көзі жетті. Бала қаншалықты ерте еңбекке машықтанса, соғұрлым епті болып өсетінін дәлелдеп жүр.


АРАЙЛЫМ ӘЛИХАНОВА