Облыстағы 2 спорт бары заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған. Заң бұзушыларды Абай облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті анықтады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте департамент басшысының орынбасары мәлімдеді.

Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылдың 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын орындау мақсатында облыс әкімінің төрағалығымен жұмыс тобы құрылды. Бұл туралы Абай облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті басшысының орынбасары атап өтті. Сәйкестендіру құралдарынсыз контрафактілік темекі жеткізудің ірі арнасының жолын кесу, топ қызметінің нәтижелі жұмыстарының бірі болды. Бюджетке төленуге жататын акциздік алым сомасы 1,5 млрд теңгені құрайды.

ОРЫН ТҰРЛЫБАЕВ – АБАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Тасымалдау арнасын ұйымдастырған 2 адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Сонымен қатар, контрафактілік, темекі бұйымдарын көлеңкелі айналымнан алу бойынша жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде департамент қылмыстық істер шеңберінде 603 мыңнан астам қорап темекі және әкімшілік іс жүргізу шеңберінде 4,5 мың қорап темекі жойылды.

Департамент жұмысы бюджет қаражатын жымқыру фактілерін анықтауға бағытталған. Мәселен, 2022 жылы Семей қаласында қазандықтарды ағымдағы жөндеуге бөлінген қаражатты жымқыру әкереттері әшкереленген. Жүргізілген жедел-іздестіру шараларының арқасында үш қазандық бойынша 67 миллион теңгеден астам қаражатты заңсыз иемдену анықталған.

ОРЫН ТҰРЛЫБАЕВ – АБАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Қылмыстық іс тіркеліп, бірқатар тергеу әрекеттері жүргізілгеннен кейін ғана мердігер өткен жылы Шүлбі кентінің маңындағы қазандықтың жаңа экономайзері ретінде орнатылған қазандықты ауыстырып және іске қосты, құны 32 млн теңге. Нәтижесінде 1,3 мыңнан астам жылумен жабдықтау абоненттерінің құқықтары қорғалды. Сонымен қатар, жылу жүйесіне 8 бюджеттік ұйым, 4 әлеуметтік нысан, 24 коммуналдық кәсіпорын қосылған.

Қаражатқа қол сұғудың басқа да фактілері анықталып, алдын алу шаралары ұйымдастырылған. Мұнай базасының директорына қатысты қылмыстық іс сотқа жіберілді. Ол 70 млн теңгеге 297 тонна дизель отынын ұрлаған. Ал ақша мемлекеттік бюджеттен 118 шаруа қожалықтарына алқаптардағы жұмыстарын жүргізу үшін жеңілдетілген бағамен бөлінген.

ОРЫН ТҰРЛЫБАЕВ – АБАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Бұдан басқа, Департамент дизель отынын 920 млн теңгеге ұрлау фактісі бойынша «жүк тасымалы» ЖШС филиалы Аягөз депосының бірқатар лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді анықтап, аяқтады.

 Экономикалық тергеу департаменті әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына мониторинг жүргізеді. Ұйымдастырылған шаралар барысында айран мен ұн өнімдерінің бағасын көтеру бойынша бірнеше фактілері анықталған. Қазіргі уақытта ЖШС-нің біріне ұнды қымбатқа сатып, белгілі мөлшерден асырғаны үшін ескерту жасалды. Басқа тауарлар бойынша тергеу жалғасуда.

АРУЖАН ТАУБЕКОВА