Биыл Кеңес әскерлерінің Ауғанстан аумағынан шығарылғанына 35 жыл толды. Семейліктер интернационалист-жауынгерлерге арналған ескерткішке гүл қойып, театрдағы салтанатты шараға қатысты.

Шара ауған соғысында қаза тапқан жерлестерімізге арналған ескерткішке гүл қою рәсімінен басталды. Оған облыстық, қалалық әкімдік өкілдері, әскери қызметшілер, қала тұрғындары қатысты. Жиналған қауым бір минут үнсіздікпен жауынгерлерді еске алды.

АЙДАР САДЫРБАЕВ- АБАЙ ОБЛЫСЫ ІШКІ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Осы алаңға кешегі ауған соғысынан қайтпай қалған боздақтарымызды еске алып, бүгінгі қарулас жолдастарына алғысымызды білдіру үшін арнайы жиналып отырмыз. Майдан даласынан оралмай келген боздақтардың рухына тағзым жасаймыз. Кейінгі қалған ұрпаққа шапағатшы болып, ағайын туысына күш қуат тілеймін.

Интернационалист-жауынгерлерді еске алу рәсіміне арналған шара Абай атындағы театрда жалғасты. Ауған соғысы ардагерлеріне және жат жерде қыршынынан қиылған жауынгерлердің ата-аналарына құрмет көрсетіліп, алғыс хат пен төс белгілер табысталды.

БОРАНБАЙ БЕГАТОВ- АУҒАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
Қазіргі кезде облыс көлемінде 687 ауған соғысы ардагерлері бар, Семей қаласында 388 қарулас ауған соғысы ардагерлеріміз бар. Негізі қазіргі өтіп жатқан шаралар өте көп, ең бірінші бұл шаралардың маңыздылығы мына біздің өскелең ұрпаққа, мына жастарға тәрбие беру, ауған соғысы ардагерлері қазір бейбітішлік өмірде сол салада жұмыс істеп жатыр.

Ауған соғысында баласынан айырылғандардың бірі Виктор Романов. Ұлы Александр Ташкент қаласында сол кездегі Чирчикский училищесін бітірген. Лейтенант атанып, бүкіл бөлімшемен бірге Ауған соғысына аттанып, сол соғыстан оралмаған.

ВИКТОР РОМАНОВ- ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Ташкенттегі Чирчикский жоғары командалық училищені бітіріп, лейтенант атанды. Оның ешқайда бармауын, осы жерде қалуын өтіндім. Бірақ олар бүкіл взводпен Ауғанстанға кетті. Мен ол туралы 5 айдан кейін ғана білдім. Сол үшін бүгін мен осында отырмын, менің басқа балаларым жоқ, жалғыз ұлым сонда қалды.

Ауған соғысына 22 мыңнан аса қазақстандық қатысқан, оның мыңнан астам жауынгері біздің аймақ азаматтары. Ал 500-ге жуығы Семей қаласынан аттанған болатын.

АРАЙЛЫМ ӘЛИХАНОВА