«Ақшың» сауда орталығындағы өрт 20 сағаттан кейін бірақ сөндірілді. Өрт кезінде ғимараттың үшінші қабатының төбесі жартылай құлап кеткен. Сауда үйінің ішінде жарылыстар естілген. Қызыл жалын тіршілігі қайнап тұрған сауда орнының күлін көкке ұшырды. Жағдайға қатысты соңғы деректерді ұсынамыз.

Абай облысының Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өртті сөндіруге 500-ге жуық адам, 46 техника, сондай-ақ өрт сөндіру пойызы қатысты. Дегенмен, әлеуметтік желіде қала тұрғындары ақпараттың дұрыстығына күмәнданатындарын айтып, пікір қалдыруда. Семейліктер «46 өрт сөндіру машинасы болған жоқ»,- деп ТЖД таратқан ақпаратқа сенбеді. Осы сауалды төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасарына қойдық.

АЗАМАТ ОРЫМБАЕВ – ТЖД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Айта кету керек айтып жатқан бүкіл техникамыз барлығы өрт сөндіру техникасы емес. Оған бүкіл жұмылдырылған басқа мемлекеттік мекемелерден техника, мысалы ол су таситын машиналар. Арнайы жеке құрамды өртке әкелетін автобустар сол санатқа кіреді. Және ПД арнайы техникалары барлығы сонда кіреді

Сондай-ақ, базардың жанында орналасқан үй тұрғындары жарылыстардың дыбыстарын естіген. Азамат Орымбаев жарылыстың болғанын немесе мұндай фактінің болмағанын да дөп басып айтпады. Әлі белгісіз. Ғимараттың ішінде газ баллондары, сондай-ақ электр қуатымен жұмыс істейтін көптеген құрылғылар болған. Тоқпен жұмыс істейтін эскалаторлар болды. Сауда орталығынан орынды жалға орын кәсіпкерлер тексеру болғанымен, өрт қауіпсіздігі ережелері сақталмағанын айтып отыр.

АЗАМАТ ОРЫМБАЕВ – ТЖД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
2023 жылы өрт қауіпсіздігін тексеріс өткізілген болатын. Нәтижесі бойынша кемшіліктер өткен жылдың аяғында қазіргі таңда кәсіпкерлік кодексіне байланысты бүкіл кемшіліктер жойылды деп ақпарат берілді. Заңды тұрғыда мұндай ақпарат беретін болса біздің қызметкерлер тексіріске шықпайды.

Өрттің неден шыққанын мамандар әлі анықтап жатыр. Оқиға орнында Төтенше жағдайлар департаментінің анықтаушылары мен өрт себебін анықтайтын зертхана жұмыс істеуде. Өрт болған жерді қарауылдап, су төгу үшін жеке құрамнан 264 адам және 31 техника оқиға орнында жұмыс істеуде.


Рүстем Қайратұлы