Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылды. Комиссияның басты міндеті-кеңестік кезеңдегі саяси қуғын-сүргін құрбандарының барлық санаттарына қатысты тарихи әділеттілікті қалпына келтіру. Абай облысында Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі Саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен адамға көмек көрсетті.
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың Абай облысы бойынша өкілдігі 2023 жылдың тамыз айынан бастап жұмыс істейді. Осы қысқа мерзім ішінде 59 өтінішті қарап, оның 32-сі қанағаттандырылды. Өтініштердің бірін 88 жастағы Сара Қайырбекова жазған. Ол еңбек сіңірген медицина қызметкері, Семей ядролық полигонындағы жарылыстардың салдарынан мүгедектігі бар. Үш жасында әкесі Төлеген Мамырбаев 1938 жылы халық жауы атанып, ату жазасына кесілген. Кейін әкесі тағылған айыптан ақталды .
ДУЛАТ ЖҰМАГЕЛДИН АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛДІҢ АБАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ӨКІЛІ
2023 жылдың жазында Сара Төлегенқызы Абай облысының прокуратурасынан ақталғандықты растау туралы анықтама алған, бірақ одан кейін ақталған адамның куәлігін және оған тиесілі басқа да төлемдерді ала алмаған. Ол ХҚКО-ға жүгінген кезде оған әлеуметтік Кодекстің талаптарына сілтеме жасаудан бас тартқан.
Бұл ретте саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен адамдар үшін тағайындалатын басқа да мемлекеттік қызметтер туралы айтылмаған. Мәселен оның ішінде ақталған адамның куәлігін алу мүмкіндігі, сондай-ақ ақшалай өтемақы тағайындау сияқты бірқатар қызметтер болған. Сол себепті Сара Қайырбекова Абай облысындағы адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың өкілдігіне жүгінген.
ДУЛАТ ЖҰМАГЕЛДИН АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛДІҢ АБАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ӨКІЛІ
Өтініш алғаннан кейін "Адам құқықтары жөніндегі уәкіл" туралы Конституциялық заңның талаптары шеңберінде тексерулер жүргізуді, сондай-ақ бұзылған адам құқықтарын қалпына келтіруді талап ете отырып, Абай облысының уәкілетті органдарына сұрау салдым.
Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде зейнеткер ақталған әкесінің кәуәлігін иеленді. Алайда Сара Қайырбековаға біржолғы ақшалай өтемақы беруден екі рет негізсіз бас тартылды. Бұл істе қарияға адам құқықтары жөніндегі уәкіл көмектесіп, нәтижесінде оған біржолғы төлем тағайындалды.
САРА ҚАЙЫРБЕКОВА-ЗЕЙНЕТКЕР
Менің жасым келіп, 90 – ға тақаған шағымда әділеттіліктің орнағанына қуаныштымын. Маған таңбадан айырылуға және мына куәлікті алуға көмектесті. Осы уақытқа дейін қаншама қиыншылық көрдім. Әрине, қартайған шағымда халық жауының емес, атақты адамдардың қызы мен немересі екенімді дәлелдеу оңайға соқпады.
Сара Қайырбекованың нағашы атасы "Алаш" партиясы көшбасшыларының бірі Райымжан Мәрсеков. Ол кәсіби қазақ заңгері және адвокаты, көрнекті мемлекет және саясат қайраткері, сондай-ақ публицист, журналист болған.
ЖҰЛДЫЗАЙ МАРАТҚЫЗЫ