Біраз уақыт бұрын Алматы қаласында болған жер сілкісінен кейін халықты табиғи апатқа қаншалықты дайынбыз деген сауал алаңдата бастады. Себебі, жауапты органдардың да, халықтың да дайын болмағаны белгілі болды. Абай облысының қай өңірлері сейсмикалық қауіпті аймаққа жатады, тақырыпты тілшіміз жалғастырады.
Абай облысының 7 ауданы мен 1 қаласы сейсмикалық қауіпті саналады. 5 балдан 7-ге дейін жер сілкінісі болуы мүмкін. Олар; Семей қаласы, Ақсуат, Үржар, Көкпекті, Аягөз , Абай, Бородулиха, Жарма аудандары. Семей қаласында бір сейсмостанция орналасқан. Сондай-ақ Абай және Үржар аудандарында үздіксіз жұмыс істейтін екі сейсмикалық датчик бар. Өңірімізде халықты хабардар ету үшін 34 электр сиренасы, сондай-ақ 5 хабарлау сирена қондырғысы орнатылған. 2024 жылы қауіпсіздік шараларын күшейту мақсатында тағы 50 хабарлау сиренасы алынбақ.
ЕРНАР ЖӘЛЕЛОВ АБАЙ ОБЛЫСЫ ТЖД ЛИКВИДАЦИЯЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ2023 жылы Абай облысының аумағында 1300-ден астам сейсмикалық жаттығулар өткізілді. Әсіресе білім беру және денсаулық сақтау нысандарында. Бүгінгі таңда ТЖД-і 2024 жылға 50 хабарлау серено қондырғысын, сондай-ақ 9 басқару пультін және 1 цифрлық телерадио хабар тарату жүйесін орнату үшін бюджеттік өтінім жіберіліп, қабылданды. Қаражат бөлінді. Енді осы жылы ойнатылып, қондырғылар орнатылатын болады.
Алдағы уақытта Алматы қаласындағы жағдай қайталанбас үшін, енді байланыс операторлары төтенше жағдай туралы хабарламаларды нөмірге емес, тікелей ұялы телефонның өзіне келетіндей етпек. Маманның сөзінше, бұл ақпарттың уақытылы жетуіне ықпал етеді. Айта кетейік қазіргі таңда төтенше жағдайларды жоюдың жаңа жоспары әзірленуде.
ЕРНАР ЖӘЛЕЛОВ АБАЙ ОБЛЫСЫ ТЖД ЛИКВИДАЦИЯЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ
Сондай-ақ, Абай облысының ТЖ Департаментінде жер сілкінісі кезінде ТЖ жою жоспары әзірленді, онда барлық күштер топтамасы көрсетілген. Егер көрші облыстарда да Алматыдағы секілді жер сілкінісі орын алса. Қаражаттық күш 3 эшелонға бөлінеді, оларға көмек жіберіледі. Егер бізде жер сілкінісі болса, бізге көрші облыстардан көмек келеді.
ТЖД жер сілкінісі орын алған жағдайда қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды. Жер сілкінісі кезінде лифт қолдануға болмайды. Барынша жиһаз, терезе, аспашамадардан алыс тұрған жөн. Мүмкіндік болып жатса үстел астында жасырынған дұрыс. Бірден газ, су, электр желілерін өшіріп, ғимараттан шығу керек. Көшеде электр желілерінен, құрылыс нысандарынан, ағаштардан аулақ тұру керек. Сонымен қатар, медициналық көмек құралдары, ақша, құжаттар, гигиеналық заттар жинақталған шабаданды ұмытпау керек.
АРАЙЛЫМ ӘЛИХАНОВА