Елімізде екі жылдан бері әкімшілік істерді қарайтын жаңа сот жұмыс жасауда. Мемлекеттік мекемелерге қатысты арыз-шағымдарды қарайтын мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты Абай облысында да қызметін бастаған. Сотқа түскен істердің басым бөлігі тұрғындардың пайдасына шешіліп отыр.

Әкімшілік әділет органдары-құқықтық мемлекеттің, мемлекеттік басқарудың маңызды бөлігі. Әкімшілік соттың негізгі міндеті. азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын мемлекеттік әкімшіліктің заңсыз әрекеттерінен қорғау. Абай облысының ауданаралық әкімшілік сотында талап-арыздардың 50 пайызы тұрғындардың пайдасына шешілген. Судья Максим Завалов олардың бірқатарына тоқталды. Бұл жолы сот шешімі облыс әкімдігінің пайдасына шешіліпті, Кәсіпкер көп қабатты үй салам деп, көне, тарихи ғимаратты бұзбақ болған.

МАКСИМ ЗАВАЛОВ АБАЙ ОБЛЫСЫ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ ӘКІМШІЛІК СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ

Азамат сотқа жүгініп, әкімнің қаулысына қарсы шықты. Сот бұл қаулының заңдылығын мойындады. Ғимараттың иесі оны «тарихи қорғалатын нысандар» санатына ауыстырумен келіспеді және бұл дауда сот шешімі мемлекет тарапына шешілді. Сот атқарушы органдардың бұл ғимаратты ескерткіштер санатына ауыстыру жөніндегі әрекеттерінің заңдылығын мойындады

Абай облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы көбінесе жер және салық қатынастарына қатысты дау туатынын айтты.

МАКСИМ ЗАВАЛОВ АБАЙ ОБЛЫСЫ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ ӘКІМШІЛІК СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ

Егер істерді қарау статистикасына тоқталсақ, соңғы екі жылда талаптарды қанағаттандыру санының артқанын атап өтуге болады. Егер бұрын әкімшілік сот енгізілгенге дейін талаптарды орындау пайызы 10-15 пайыздан аспады. Қазір сотта мұндай дауларды шағымданушының пайдасына шешу пайызы күрт өсті және шамамен 60 пайызды құрайды

2023 жылы 660-қа жуық әкімшілік іс қаралды. Олардың шамамен 30 пайызы жер қатынастары саласындағы қаулыға яғни жер учаскелерін беруден бас тарту, жер учаскесінің нысаналы мақсатын дұрыс өзгертпеуге байланысты. Ал 20 пайызы - салық органдарымен және тұрғын үй саласындағы дауларға қатысты. Сот 177 іс қарады оның 90-ы арызданушылардың пайдасына шығарылды.

Рүстем Қайратұлы