Абай облысының білім беру саласын дамыту мақсатында "Абай облысының білім беру жүйесін дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған жол картасы "әзірленді. Жол картасы аясында жоспарланған жұмыс көп.

2023 жылы оқу жылының қорытындысы бойынша облыстағы білім беру сапасы 67%-ды құраған, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 4% - ға артық. Мектептерде орын жетіспеушілігі мәселесі бар. 2025 жылға дейін "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында өңірде 11 жаңа мектеп салынады.

НҰРЖАН АХМЕТҚАЛИЕВ- АБАЙ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ
2023 жылы біз 5 мектептің құрылысын бастасақ. Биылғы 2024 жылы тағы да 6 мектептің құрылысы басталатын болады. Және Абай облысын кешенді дамыту жоспарына сәйкес 6 шағын жинақты мектептің және 6 мектеп ғимаратына қосымша құрылыстарды салу үшін барлық мектеп құрылыстардың арнайы құжаттамалары барлығы дайындалды. Қазіргі таңда жұмыстар жүргізілуде

2023 жылы Семей қаласында облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес орталығы, "Асыл Мирас" аутизм спектрі бұзылған балаларды қолдау орталығы және Абай ауданында психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті ашылды.

НҰРЖАН АХМЕТҚАЛИЕВ- АБАЙ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ
Облыстың 12 мектебінде инклюзияны қолдау кабинеттері қызмет атқарады. 2023 жылдың қырқүйек айында Семей қаласының екі мектебінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған тағы екі инклюзияны қолдау кабинеттері ашылған болатын. Қазіргі уақытта облысымызда 197 мыңға жуық балаға 4 психологиялық-медициналық педагогикалық кеңес орталығының қызметі көрсетілуде.

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Абай облысына жұмыс сапары барысында берген тапсырмаларын іске асыру мақсатында өңірімізде екі IT-мектеп ашылды, балаларды жайлы және қауіпсіз ортамен қамтамасыз ету мақсатында барлық білім беру ұйымдары 100% цифрлық бейнебақылау камераларымен, турникеттермен, дабыл түймелерімен қамтамасыз етілді. Облыстағы интернет жылдамдығы төмен 133 мектеп "Старлинк" спутниктік жобасы бойынша Интернет байланысын ұсыну тізіміне енді, 70 мектеп 86 жаңа модификацияланған кабинеттермен жабдықталды.


АРАЙЛЫМ ӘЛИХАНОВА