Босанғанға дейінгі декреттік төлемімді ала алмай отырмын деген Семей қаласының тұрғыны көмек сұрауда. Оның денсаулығына байланысты шұғыл түрде ота жасалып, мерзімінен бұрын сәбилі болған екен. Босанғанға дейін берілетін мемлекеттік төлемнен қағылуына осы себеп. Мәселенің мән жайын тілшіміз айтады.

Гүлжан Сабырова 1-ші қаңтар күні жедел жәрдем шақырып перинатальды орталыққа түскен. Ал 8-і күні өзі тіркелген емханаға барып, декреттік төлемді рәсімдеу үшін дәрігер қабылдауында болуы керек еді. Бірақ жүктілік ауыр өткендіктен, ол ота арқылы мерзімінен бұрын босанды. Емханаға баратын күні ол перзентханада жатқан.

ГҮЛЖАН САБЫРОВА СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
Давлением өте қатты көтерілді. Мен екі рет кардиология отделениясында жатып шықтым. Сол кездері окушер гинеколог бір ретте хабарласып халымды білген жоқ. Мен олардың жұмыстарына салғырт қарағанына көңіліміз толмайды. Үші күні окушер-гинекологқа звондап жаздым. Мен 8-і күні декретке шығуым керек деп. Ол кісі айтты сіз өзіңіз келуіңіз керек. Өйткені егер сіз өзіңіз келмесеңіз мен декретный аша алмаймын деп. Өйткені сіз ауруханада жатырсыз деді.

Гүлжан Сабырова қазір перзентханада ем қабылдауда. Мерзімінен бұрын дүниеге келген нәрестесі әзірге дәрігерлер қарауында. Жас босанған анаға қатысты нөмірі 12 - ші емханаға бардық. Емхананың аға дәрігері қабылдады. Сайра Айтқожина шұғыл жағдаймен ауруханаға түскен адамға бұл төлемді тағайындай алмайтынын айтып отыр. Оның себебін былай түсіндірді.

САЙРА АЙТҚОЖИНА №12 ЕМХАНАНЫҢ АҒА ДӘРІГЕРІ
Ол кісі больницадан шыққан жоқ. Сондықтан, больницада жатқандықтан біз амбулаториялық условияда ешқандай да больничный лист, еңбекке жарамсыз қағазын бере алмаймыз. Ол заңға қайшы болып келеді. Екіншіден бізде 198 ші приказ бар 2020 жылдың. Жүкітілікке байланысты еңбекке жарамсыз қағаздарын қай кезде қалай беретіні туралы. Біз соған сүйене отырып бұл кісіге босану алдындағы төлемге, еңбекке жарамсыз қағазын бере алмаймыз.

Демек, жүкті ана мерзімінен бұрын босанып қалса, мемлекеттен берілетін жәрдемнен тыс қалады. Гүлжан Сабырова дәл осы жағдайға кез болып отыр. Ал емхана жүкті әйел перзентханаға түсіп қалғандықтан тағы бір больничный аша алмаймыз деп заңды алға тартады. Ал негізі ота жасау арқылы босанған әйелге көмек ретінде мемлекеттен қаржы беріледі. Алайда оны алу үшін босанғанға дейінгі төлем жасалуы керек екен. Енді отбасы, анаға берілетін екі бірдей жәрдемді ала алмай отыр. Заңның шикілігінен тиесілі төлемнен қағылдым, деген жас ана енді сотқа арыз жазып, денсаулық сақтау министрлігіне хат жолдамақ.


Рүстем Қайратұлы