Жарқын ауылында "Үздік ауыл мұғалімі" облыстық байқауы өтті. Ондағы мақсат ауыл мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін арттыру, олардың ғылыми-әдістемелік жұмысын жандандыру.

Жарқын жалпы орта білім беру мектебінде өткен "Үздік ауыл мұғалімі" байқауына кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар, ауылдық білім беру ұйымдарының 9 педагогы бақ сынады. Сайысқа аудандық және қалалық кезеңдерден өткен жеңімпаздар қатысып, қазылар алқасы педагогтарды олардың кәсіби өсуі, жетістіктері, шығармашылық жұмысы, ұсынылған педагогикалық тәжірибесі арқылы бағалады. Сондай-ақ, қатысушылар ашық диалог алаңында ұсынылған тапсырмаларды шешті.

ГҮЛНАР МҰҚАНОВА АҚПАРАТТЫҚ - ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ МЕНЕДЖМЕНТІ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
Жалпы, бізде Абай облысындағы білім беру сапасына қарайтын болсақ, қала мен ауылдағы білім беру мекемелеріндегі алшақтық байқалмайды. Бұл жердегі сапа , ішкі бақылада да сыртқы бақылауда да алшақтық жоқ. Бірақ біздегі, қазіргі мәселе педагогтердің кәсіби өсуі, және олардың өздерінің біліктілік санаттарын арттыруы, Республикалық және Халықаралық конкурстарға қатысуының төмендігі болып тұр.

Өздерінің мүмкіндіктері мен кәсібилігін көрсетуге жиналған ұстаздар сайысы облысымызда алғаш рет өткізіліп отыр. Қатысушылар білім сапасы, мектептің орналасқан жеріне байланысты емес деп санайды. Себебі шағын мектепте де мұғалім шығармашылығын дамытуға, білімін шыңдауға көп уақыт пен мүмкіндіктер табады.

МАРИНА БЕССУДНОВА ИНФОРМАТИКА ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ
Бұл сайысқа бірінші рет қатысып отырмын. Өзімнің ауданымнан іріктеліп келіп отырмын. Бізге берері әрине алдыға қарай ұмтылу. Осындай сайыстар көп бола берсін дегім келеді. Бүгінгі сайыстың өту барысына келетін болсақ, біз өзіміздің кәсіби жетістігіміз туралы айтамыз, одан кейін педагогикалық понорамамыз бар- яғни өзіміздің методикамызбен бөлісеміз. Одан кейін ситуациялық сұрақтар болады. Барлық қатысушыларға сәттілік тілеймін, жоғарғы деңгейде өтеді деген сенімдемін.
НИКОЛАЙ ГРОМОВ- ИНФОРМАТИКА ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ (БОРОДУЛИХА АУДАНЫ)
Мен информатика пәнінің мұғалімімін және менің басты міндетім-бағдарламалық құралдар жасау. Біз балаларға бағдарламалауды үйретеміз. Робототехникамен де айналысамыз. Көптеген байқауларға қатысып жүлдері орын алудамыз және біздің жаңа буынға информатиканың қаншалықты қызықты екенін көрсетеміз

Байқау қорытындысы бойынша 1-орынды Аягөзден Айнаш Өзбекова, 2 - орынды Жарма ауданынан Нұрсейіт Оразақынұлы және Семей қаласынан Марина Бессуднова, 3 орынды Үржар ауданынан Гаухар Жағалбаева және Бородулиха ауданданынан Николай Громов иеленді. Алдағы уақытта "Үздік ауыл мұғалімі" байқауы дәстүрлі түрде өтетін болады.


АРАЙЛЫМ ӘЛИХАНОВА