Семейде әскери-спорттық көпсайыстан 10-шы облыстық біріншілік өтті. Жарыс көгалдағы хоккейден Кеңестер Одағының 19 дүркін жеңімпазы, Еуропа чемпиондары Кубогының иегері, еңбегі сіңген спорт шебері - Мұрат Жексенбековты еске алуға арналған. Әскери-қолданбалы пәндердің 4 түрі бойынша ұйымдастырылған сайыста 8 команда бақ сынады. Іс-шараның басты мақсаты жастарға патриоттық тәрбие беру және салауатты өмір салтын насихаттау. Спорттық шараға Абай облысы білім басқармасының Инновациялық-әдістемелік орталығының бас маманы Сейілғазы Бласбаев және Мұрат Жексенбековтың апайы Шолпан Жексенбекова, спорт сүйер қауым қатысты.
Мұрат Жексенбеков көгалдағы хоккейді дамытуға еңбек сіңірген әйгілі спортшы. Ол Қазақстанның спорт тарихындағы танымал хоккейшілердің бірі. Өзінің спорттық жолында 19 рет Кеңестер Одағының чемпионы және 2 рет Еуропа чемпиондары кубогының иегері болды. Мұрат Жексенбеков жеңіп алған алтын медальдардың саны бойынша рекорд жаңғыртқан. Бүгінде атақты спортшы туралы естеліктер, оның «электромонтаждаушы» мамандығы бойынша білім алған оқу орнында сақтаулы. Колледж мұражайында Мұрат Жексенбековтің бұрышына спортшының құжаттары мен грамоталары, хоккей ойнаған құралы қойылған. Аңызға айналған хоккейшіні еске алу құрметіне өткізілетін турнир, жастарды патриоттық рухта тәрбиелеуде ұрпақ сабақтастығының жарқын дәлелі болмақ.
САМАТ УЗБЕКОВ – «ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ» ДИРЕКТОРЫ
Қазіргі балаларымыздың әскери технологиялар бойынша дайындық өтіп жатыр әр колледжда. Бұл енді өзіміздің жасөспірімдердің мемлекеттің қуатты болуы үшін, дайындықты көрсету үшін осы сайыс өтіп жатыр. 01:19 +++ 01:24 Жалпы колледждің балаларының қызығушылығы бар. Өйткені әр колледжде сарбаз клубтары ұйымдастырылған. Жоспарлы жұмыс жүріп жатыр.
БАҚЫТЖАН ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ – БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ АРДАГЕРІ
Біздің жерлесіміз, түлегіміз Марат Жексенбековтің құрметіне жарыс өткізудеміз. Бұл біздің студенттеріміз бен өскелең ұрпақ үшін үлгі деп ойлаймын. Олар спортпен шұғылданып, шыныққан дайын болуы үшін осындай жарыстар ұйымдастырамыз. Біз оларды мақтан тұтып, лайықты түлектеріміз болғанын қалаймыз.
Әскери-қолданбалы пәндердің 4 түрі бойынша ұйымдастырылған жарыс барысында студенттер оқшантайды жарақтандыру, тартылу және 16 келі гір тасын көтеріп жарысты. Қатысушылар сынның барлық түрінде жақсы бейім-дағдыларын көрсете білді. Олардың дайындығы мен жеңіске деген талпынысын іс-әрекеттерінен байқауға болады.
ВЛАДИМИР КУРШЕВ - ЖАРЫСТЫҢ БАС ТӨРЕШІСІ
Көріп тұрғандарыңыздай, жастардың қызығушылығы өте жоғары. Бұл жарыстарда олар өздерінің дағдыларын көрсетеді. Атап өту керек, мұндай шаралар студенттер немесе алғашқы әскери дайындықтан өткен жастардың арасында емес, әскерге шақырылатын жастар арасында өткізіледі. Яғни, бұл сайыс барлық жастағы жасөспірімдерге арналған. Менің ойымша, Қазақстан Республикасының патриоттары Алғашқы Әскери Дайындықтан өтетін балалар ғана емес, сонымен қатар әскерге қызмет етуге дайын балалар да болуы керек. Бұл оларға әскерге барғанға дейін үлкен көмек береді, яғни олар оқшантайды жарақтандыру, автоматты шашып-жинау сияқты дағдыларды білетін болады.
Биылғы жылы әскери-спорттық көпсайысқа Абай облысының 8 командасы қатысты.
АЛИНА ТЕМЕРБЕКОВА – ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ
Қазіргі таңда 10-шы облыстық жарысқа келіп отырмыз. Жарыстың барлығы жоғары деңгейде өтіп жатыр. Әр студент мықты болып келді, дайындықтары жақсы болып келді. Біздің командаға тек жеңіс, басқаларға сәттілік тілеймін. 00:19 +++ 00:27 Бұл деген әскери спорттық біздің бойымыздағы патриотизмді дамытатын деген ойдамын. Сондықтан өзім кішкентай кезімнен қатысып жүргеннен кейін, қатысып жүрмін.
Жарыстың ашылу салтанатына Абай облысы білім басқармасы Инновациялық-әдістемелік орталығының бас маманы Сейілғазы Бласбаев және Мұрат Жексенбековтың апайы Шолпан Жексенбекова қатысты. Ол осы жарысты қолға алған барлық ұйымдастырушыларға алғысын білдірді. Әскери-спорттық көпсайыстың қорытындысы бойынша жалпы командалық бірінші орынды көлік колледжінің спортшылары жеңіп алды. Екінші орынды геологиялық барлау колледжі иеленсе, үздік үштікті электротехникалық колледждің студентері қорытындылады. Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубоктар және грамоталармен марапатталды.
АСЛАН ЕРТІСБАЕВ