Сайра Қажыоспанқызы Нүсіпбаева  - бас редактор
 
1966 жылы 9 қаңтарда бұрынғы Семей облысының Мақаншы ауданында туған. 1990 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген.
 
2011-2016 жылдар аралығында «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы» Акционерлік қоғамы Семей қалалық филиалының директорының орынбасары қызметін атқарды. 
2016 жылдың желтоқсан айынан бастап Семей қалалық филиалында бас редактор қызметінде.
 
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. Мақалалары республикалық басылымдарда жарияланып тұрады.
 

Қазақстан Республикасы «Ақпарат саласының үздігі», «Алғыс» төсбелгісінің иегері