Ғылыми шараны ұйымдастыруға білім және ғылым министрлігі мен Қазақ Ұлттық география қоғамы мен университет ұжымы мұрындық болды. Мұхит Есенұлы Белгібаев 1935 жылы бұрынғы Семей облысында дүниеге келген. Жарты ғасырдан астам шығармашылық ғұмырында 500-ден астам ғылыми еңбектері жарыққа шыққан. Сонымен қатар, 4 ұжымдық монографияның авторы. Ғылыми жиынның пленарлық отырысында Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің ректоры Шәріпбек Әмірбеков ғалымды география саласына қосқан үлесі үшін, «Шәкәрім» медалімен марапаттады. Алқалы жиын барысында Мұхит Есенұлы өзінің жаңа бағдарламасын таныстырды.

 

Бердібек УЛЯНОВ