Абай облысында заңсыз айналымнан 12 қару тәркіленді
Абай облысында «Қару» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы қорытындыланды. Екі аптаға созылған рейд барысында полицейлер қаруды сақтау және пайдалану талаптарының сақталуын тексеріп, заңсыз айналымдағы қаруларды анықтады. Нәтижесінде заңсыз сақталған 12 қару тәркіленді. Сонымен қатар, тұрғындарға қаруды заң талаптарына сай сақтау мен пайдалану тәртібі кеңінен түсіндірілді.