Облыста жыл басынан бері 6 жасқа дейінгі 7400 бала қызылшаға қарсы вакцина алды. Мамандар вакцинация қауіпті жұқпалы аурулардан қорғанудың ең тиімді жолы екенін айтады. Дегенмен, өңірде баласына екпе салдырудан бас тартатын ата-аналар аз емес. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында айтылды