Семей қаласындағы теміржол өткелдерінің бірінде жол-көлік оқиғасы болды. Жеңіл автокөлік жүргізушісі жақындап келе жатқан пойызға қарамастан жолдан өтуге әрекет жасаған. Соның салдарынан пойыз бен жеңіл көлік соқтығысты. Абырой болғанда, апаттан зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталуда.