Ауылдардағы сайлау учаскелері дауыс берушілерді қабылдауға дайын
Абай облысында мүмкіндігі шектеулі азаматтардың сайлау құқығын қамтамасыз ету жөніндегі облыстық жұмыс тобы сайлау учаскелерінің дайындығын пысықтап жатыр. 3 - 4 тамыз күндері жұмыс тобы, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлерімен бірлесіп, сайлау учаскелерін аралап, олардың дауыс беруге әзірлігін тексеруде.