Абай облысында «Қаладан – ауылға» бағдарламасы аясындағы жұмыстар жалғасуда. Ауылдық жерге қоныс аударуды жоспарлаған азаматтар үшін бірыңғай ақпараттық Auylga.kz порталы жұмыс істейді. Мұнда бос жұмыс орындары, мемлекеттік қолдау шаралары, жауапты мамандардың байланыс деректері және әр ауданның мүмкіндіктері туралы толық ақпарат жинақталған.