«Қазақстан Республикасының Сайлау туралы» заңына сәйкес, 2025 жылдың 26 желтоқсанынан бастап Нұрбек Тұрсынқанұлы Қошқарбаев Көкпекті ауданының әкімі болып сайланды. 21 желтоқсанда Көкпекті ауданында өткен аудан әкімін тікелей сайлау қорытындысында Нұрбек Қошқарбаев 70,8 дауыс жинап, жеңіске жетті. Бүгін облыс әкімі Берік Уәли жаңа әкімді аудан активіне таныстырды. Биылдан бастап «Қазақстан Республикасының Сайлау туралы» заңына сәйкес облыстық маңызы бар қала, аудан әкімдерін халық өзі, тікелей дауыс беру арқылы сайлай алады. Жиында Көкпекті ауданының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Ерасыл Оразханов Нұрбек Қошқарбаевқа әкім куәлігін тапсырды. Нұрбек Тұрсынқанұлы Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын Семей қаласындағы №33 орта мектептің бастауыш сыныптарындағы орыс тілі пәнінің мұғалімі болып бастаған. Әр жылдары Семей қаласының білім бөлімінде, Семей қаласы әкімінің аппаратында бас маман, бас инспектор, бөлім басшысы, Курчатов қаласы әкімі аппаратының басшысы, қала әкімінің орынбасары болды. 2024 жылдың 23 желтоқсанынан бастап осы уақытқа дейін Бесқарағай ауданының әкімі болып қызмет атқарды.