«Таза Қазақстан» жұртты үнемшіл әрі ақпейіл болуға, даңғазалықтан арылуға, үнемі ізденіп, алға ұмтылуға, ортақ жауапкершілікті ұмытпауға, елге жанашырлық танытып, қайырымдылық жасауға үндейді. Осылай деген Президент өз сұхбатында «Таза Қазақстан» акциясының алдағы уақытта да жалғасатынын айтты. Экологиялық акция аясында Абай елінде өткен жылы ауыз толтырып айтар ауқымды іс тындырылды. Қалада да, далада да тазалыққа бей – жай қарай алмайтындар жұмыла жұмыс істеді.