Соңғы 2024/2025 жылғы маусымның аймақ спортының дамуында алар орны ерек. Жергілікті «Елімай» футбол клубы ел біріншілігінде 4 орынға тұрақтады. Маусым соңына қарай жолдамаға тартыс күшейіп, бірден қос команда Конференция лигасына үмітті болған еді. Біріншісі «Елімай» болса, екіншісі «Ақтөбе» командасы. Жолдама тағдыры бір кездесуде шешілді. Семей төрінде елімайлықтар ерлеп, «Атырау» клубынан 3:2 есебімен басым түскен еді. Осылайша, 2026 жылы клуб кәрі құрлықтың даңқты лигасында өнер көрсетпек. Жыл жаңалығы доп қуған жас толқынды ынталандыра түсті.