Абай облысының Мақаншы және Үржар аудандарында жаңа дәрігерлік амбулаториялар пайдалануға берілді. Заманауи медициналық нысандар республикалық «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында салынды. Салтанатты ашылу рәсіміне облыс әкімі Берік Уәли қатысты.