Облыс әкімі Берік Уәли Семей қаласын аралау барысында аутизмі бар балаларға арналған оңалту орталығына, геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжіне барды. Орталық облыс әкімдігінің қолдауымен 2023 жылы ашылған. Болат Өтемұратов қорының қолдауымен жұмысын бастаған еліміздегі 13-ші орталық. Ал колледж өңірге қажетті жұмысшы мамандықтар дайындайды.