40 күткен қуаныш. Бородулиха ауданының Камышенка ауылында 100 орындық клуб ашылды. Мәдени мекеме «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында бой көтерген. Бүгінгі салтанатқа облыс әкімі Берік Уәли қатысып, қуанышты сәтке куә болды. Сонау 1985-ші жылдан бері мұнда бірде – бір нысан салынып, кірпіш қаланбағанын ескерсек, тірек ауылындағы тіршілік жандана түседі енді.