Тәуелсіздік күні қарсаңында Ақсуат ауданында бірқатар маңызды әлеуметтік нысандар ел игілігіне берілді. Соның ішінде ауыл халқы үшін ерекше маңызға ие жаңа медициналық пункттердің ашылуы – көптен күткен жағымды жаңалық. Өңірде ауыл медицинасын дамытуға арналған жүйелі әрі мақсатты жұмыс жалғасып жатыр.