Ақсуат ауданында ауыл тұрғындарының денсаулығын жақсартуға бағытталған жүйелі жұмыстар жалғасуда. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында бірқатар жаңа медициналық нысан пайдалануға берілді. Бұл бастама шалғай елді мекен тұрғындарына сапалы әрі қолжетімді медициналық қызмет алуға жол ашып отыр.