Курчатов қаласындағы №2 орта мектеп биыл түбегейлі жаңаруда. Ел көлемінде жүзеге асып жатқан білім беру нысандарын жаңғырту бағдарламасы аясында бұл оқу орны да жаңа кейіпке енуде. Негізгі мақсат- оқушыларға қауіпсіз, қолайлы әрі заман талабына сай оқу ортасын қалыптастыру.