Абай өңірінің өндірісі өркендеу үстінде. Оның жарқын дәлелі ретінде Семейде бүгін ашылған заманауи картон қаптамалар желісін айтуға болады. Абай облысының әкімі Берік Уәли «Казполиграф» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жаңа өндірістік желісі - «Gable Top» картон қаптамалар цехын іске қосты. Жалпы, «Казполиграф» серіктестігінің өнімін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері кеңінен тұтынады.