Бүгін Абай облысының әкімі Берік Уәли Жаңасемей
ауданына қарасты Шаған ауылында жаңа су құбыры жүйесінің ашылу салтанатына
қатысты. Былтыр құрылысы басталған жоба енді толық аяқталды. Бұған дейін елді -
мекенде орталықтандырылған ауызсу жүйесі болмай, тұрғындар суды құдықтан
пайдаланған.