Биыл елімізде жарияланған Жұмысшы мамандықтар жылы да аяқталуға жақын. Семей қаласында Жоғары IT және жаңа технологиялар колледжінің базасында жыл қорытындысына арналған тағылымды басқосу ұйымдастырылды. Жетістіктер фестивалі мектеп, колледж және өндіріс арасындағы тығыз байланысты айқын көрсетіп, еңбек нарығына қажетті мамандарды даярлаудың нақты нәтижелерін көрсетті.