Абай ауданында жыл үздіктері марапатталды. Аудан жұрты биылғы жылды жоғары жетістіктермен, толайым табыстармен түйіндеді. Ең бастысы - Хакім Абайдың 180 жылдығын аудан халқы абыроймен өткеріп, ауызбіршілік танытты. Елдік істің бел ортасында маңдай терін сыпыра жүріп еңбек еткендер «Жыл үздігі – 2025» салтанатты жиынында марапат алды, көңілдері марқайды. Осы күні аудан орталығы Қарауылда ауылшаруашылық жәрмеңкесі де өтті. Берекелі елдегі жыл қорытындысына барып қайтқан Ерзат Жанатұлы сабақтайды.