Семей қаласындағы Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты Қасым Қайсенов атындағы 68303 әскери бөліміне шақырылған жас сарбаздар ант қабылдап, Отан қорғаушылардың қатарына қосылды. Осы уақыттан бастап оларға жүктелген міндет те зор. Өйткені, әскери ант – әскери өмірдің өзгермейтін заңы. Күзгі шақырылым сарбаздары өңірдегі төтенше жағдайлардың алдын алуға жұмылдырылады.