Аймақта демографиялық ахуал тұрақты. 2025 жылы облыста 7 709 сәби дүниеге келді. Оның 3 993-і ұл болса, 3 716-сы қыз бала. Жылқы жылының қарсаңында, яғни, 31 желтоқсаннан 1-қаңтарға қараған түні облыс бойынша 14 нәресте өмірге келді. Олардың 12-сі ұл, 2-еуі қыз бала. Ал 2026 жылдың алғашқы минуттарында облыста ең бірінші болып дүниеге «атұстар» келді.