Қазақстан жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Түркістан» газетіне осындай тақырыпта сұхбат берді. Президент ішкі және сыртқы саясат, елдің әлеуметтік - экономикалық дамуы және басқа да өзекті тақырыптарға қатысты сұрақтарға жауап берді. Инфляция деңгейінің жоғары болуына назар аударды. Биыл Үкімет пен әкімдер мемлекетіміздің әлеуметтік - экономикалық тұғырын нығайту үшін көп жұмыс істеуі керек, деді Президент. Қыс мезгілінде тарифтерді өсіру әкімшілік тәсілдер арқылы уақытша тоқтатылды. Сонымен бірге, Үкіметке бюджет қаржысын барынша тиімді пайдалану міндеті жүктелді. Экономикаға ақшаны орынсыз құя беруге болмайды, бұл инфляцияны күшейтіп жібереді. Қатаң бюджеттік тәртіп керек. Қаржы ресурстары мемлекетке қажетті жобаларға ғана жұмсалуға тиіс. Былтыр қараша айында Үкімет, Ұлттық банк, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бірлесіп, үш жылдық бағдарлама қабылдады. Құжат азаматтардың әл-ауқатын жақсарту үшін инфляцияны төмендетуге арналған. Президент сұхбатында өзге де маңызды салаларға тоқталды. Жастар жағы да назардан тыс қалмады.