Вирус қарқыны бәсеңдемей тұр. Семейде эпидемиялогиялық маусым басталғалы 24 мыңнан астам адам жіті респираторлық вирустық инфекциялар мен тұмау жұқтырған. Ауырғандардың 15 мыңы 14 жасқа дейінгі бала, дертті жұқтырған жүкті аналар да бар. Ал 13 адам жансақтау бөліміне түсті.