Дариға-ай жастар театры қоғамды толғандырған мәселенің тамырын дөп басқан кезекті қойылымын көрермен назарына ұсынды. Белгілі ақын, драматургиядағы алғашқы шығармасын ұсынған Мерей Қарттың «Белгісіз бағыт» қойылымы көрермен сұрауы бойынша қайта сахналанды. Спектакль ХХІ ғасырдың ең өзекті тақырыптарының бірі терроризм мен экстремизм қатеріне қоғам назарын аударуға бағытталған.