Этноауылда бүгін де жарыс. Қол күресінен ересектер арасында қалалық ашық чемпионат өтті. Білекті жігіттермен қатар бұрымдылар да күш байқасты. Хакімнің 180 жылдығына орай өтіп жатқан шымыр жігіттердің сайысына әріптесім Ерзат Жанатұлы да барып, қол күрестіріп, күш сынасып көрген еді.
Эмоция, мінез, харизма, жеңіске деген құштарлық. Айқай да күш береді мұндайда. Қарсыластың мысын басу үшін. Қарулы жігіттер қос қолдың күшін қатар сынауда осылай. Облыста қол күресі жақсы дамып келеді, дейді аға жаттықтырушы Төлеген Сағатаев.
ТӨЛЕГЕН САҒАТАЕВ, ҚОЛ КҮРЕСІНЕН АБАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ АҒА ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ
8 дүркін Әлем чемпиондары бар. Барлық енді Әлем чепионатында алған алтындарды есептейтін болсақ, әлем чемпионатынан 20-дан артық алтын осы Абай облысының Примак Зарина деген, жаңағы Тайменов Данияр деген мықты-мықты Қазақстанға еңбек сіңірген спорт шеберлері бар.
Жарысқа жетпістен астам спортшы қатысты. Әйелдер екі, ерлер бес салмақта күш сынасты. Өңір спортшыларымен қатар көршілес Павлодар, Шығыс Қазақстан облысынан келгендер де бар.
ДАМИР ШАЯХМЕТ, ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ
Біз Павлодар атынан келдік. Жетекші ауылынан. Мен 90 килограмм шығамын қазір. Бәріне сәттілік. Қонақжайлықтарына рақмет.
ДУЛАТ БАРЛЫҚОВ, ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ
Мықты қарсыластар бар. Павлодар қаласынан келіп отыр. Мықты спортшылар өзі. Қазақстанға шығып жүрген. Енді бұл спортпен өзіміз де біраз жыл болды айналыссып жүргелі. Бүгінгі жарыс өзіміздің өңірде өтіп жатқаннан кейін қолдан келгеннің барлығын жасаймыз.
ЕРЗАТ ЖАНАТҰЛЫ, ТІЛШІ
«Қол күрестер тек қана күштің мықтылығы ғана емес, бұл жерде ептілік, бұл жерде жылдамдық, бұл жерде әдіс-айла керек. Қазір мен осында қол күресінен спорт шеберіне үміткер Медет бауырыммен күн сынасып көрейін. Біз енді ой еңбегімен айналысып жүрген, қалам ұстап жүрген қауым болғандықтан, енді қалай болатынын көреміз. Келе ғой Медет! Ұстауы қалай? Осылай ма? Енді маған беріп тұрғанын көріп тұрсыздар».
ЕРЗАТ ЖАНАТҰЛЫ