Ақынның мерейтойында Семей көшелері даналық сөздерге толды. Заманауи арт-нысандар мен тарихи мәні бар композициялар әсемдігімен көз тартады. Қаланы аралап келген тілшіміз Ерасыл Кенжебекті тыңдайық.

Иә, енді қала тұрғындары дәл осылай бос уақытын шахмат ойнаумен өткізе алады. Біз облыс орталығындағы арбатқа табан тіредік, бұл жерде, өздеріңіз көргендей, арнайы шахмат тақтасы орнатылған. Бұл Абай тойы аясында қалаға тарту етлген сыйдың бірі.

Сәулеттік формалар түрлі тақырыпта жасалған. Бірі ұлы ақынның даналық сөздерімен өрнектелген, ал енді бірі қаланың ерекшеліктерін сипаттайтын көркем мүсіндер.

АЙБЕК ҒАПУОВ – СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ ІШКІ САЯСАТ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
Тақырыптық безендіру кеңінен жүргізілуде. Led экрандар, баннерлер, орталық және қалаға кіреберіс көшелердің бойындағы жарық бағаналарына light box жалаушалары орнатылған. Сонымен қатар, шағын МАФтар әртүрлі тақырыпта қойылуда.Қала атауы жазылған, қаланың ерекшелігін көрсететін тақырыптық бағытта. Себебі бұл нысандар уақытша емес, ұзақ мерзімде қолданылады. Яғни, қалада қалып ертең қаланың көркін береді деп сенеміз.

Тұрғындар мен қала қонақтары бұл жаңашыл бастаманы қуанышпен қабылдауда. Көпшілігі жаңа нысандарды суретке түсіріп, желіде бөлісіп жатыр. Олар сәулеттік формалардың күнделікті жүріс-тұрыста да көзге жылы көрініп, жақсы көңіл-күй сыйлайтынын айтады.

   Салынып жатқан дүниелнер ұнап жатыр. Семей көркеюде. Әрі қарай көркейе берсін. Әкімге рахмет!
   Өте жақсы! Мен бүгін екі жас қыздың шахмат ойнағанына куә болдым. Қазірдің өзінде жастардың қызығушылығы пайда болды. Мен өз немеремді де шахмат ойнауға үйрете бастадым. Ойынды толық түсінбесе де, шаһарымызда осындай нысандардың салынып жатқанына қуныштымыз.
   Мен оңтүстік Қазақстан, Жетісай қаласынан келіп отырмын. Осы Семей қаласында 2005-2010 жылдары жұмыс істегем.12 жылдан кейін Семей қаласына алғаш келіп тұрмын.тамаша салынған, архитектурасы сұлу, керемет.

Бүгінде қала аумағында 17 сәулеттік форма орнатылған. Алдағы уақытта 20-ға дейін толықтырылмақ. Мағыналы бастама тұрғындарға шабыт беріп, қала қонақтарына ұлылар жерінен тамаша әсер сыйлауда.

ЕРАСЫЛ КЕНЖЕБЕК