Учаскелік инспектордың басты міндеттерінің бірі – өз аумағындағы тәртіп пен тыныштықты қамтамасыз ету. Қазір тәртіп сақшылары тұрғындармен жиі кездеседі. Өтініш – тілектерін тыңдайды. Полиция қызметкерлері кезекті жүздесуді Уәлиханов көшесіндегі 129 үйде «Заң әр аулада» атауымен өткізді.
«Заң әр аулада» - тұрғындар тілегін тыңдайтын ортақ алаң іспетті. Кездесуде көшедегі у-шуға, көлік жүргізушілерінің жылдамдықты шектен асыратынына шағымданды, тұрғындар. Бейне камералар, жол белгілерін орнату туралы ұсыныстар айтылды. Аула тұрғындары көше жарығының жайын да ұмыт қалдырмады. Шаһардың орталығы болса да, жарық нашар болғандықтан, түнде жүруге жүрексінеміз, дейді мұндағы жұрт.
Күлшат Рафикова – Қала тұрғыны
Жолдың жағдайы туралы не айтуға болады? Жол жоқ деуге болатын шығар. Жыл сайын жолдың жайын айтамыз. Бізге асфальт төсеп беруге уәде берген еді. Әзірге жоқ. Жарық тартылды. Жарықтандыру жұмысы жүрді. Бір апта жанып тұрды. Ал қазір жарық та жоқ. Міне, біздің мәселеміз осы.
Тәртіп сақшылары тұрғындардың шағымдарын мұқият тыңдады. Талап – тілектері тиісті мекемелерге жеткізілетінін айтты. Учаскелік инспектор Еркебұлан Мұхатаевты тұрғындар жақсы таниды. Бірнеше жылдан бері осы аумақтың тәртібін қадағалайды. Кездесуде инспектор алаяқтардың шырмауына түсіп қалмау жайын түсіндіріп, өзге де сақтық шаралары жайынан хабардар етті.
Еркебұлан Мұхатаев – Учаскелік полиция инспекторы
Интернет-мошенничество туралы өздеріңіз білесіздер. Алаяқтар өте көп, қаптап кетті. Полиция қызметкерлері деп хабарласады, банк қызметкерлері деп хабарласады. 00:32 скл 00:45 Ешқандай ссылкаларға баспаңыздар, ондайларға жоламаңыздар. Абай болыңыздар, сақ болыңыздар. Сенбеңіздер телефонға звондаса.
Кездесуге төтенше жағдайлар мамандары да қатысып, аула тұрғындарына құлаққағыс жасады. Терезеден балалардың құлауы жиілеп кеткендіктен, абай болуға, оқыс жағдайдың алдын алуға шақырды. Пластик терезелерге бекіткіш орнату жағын қаперге салды.
Ернұр Мағабыл - Семей қаласы ТЖБ аға анықтаушысы
Семей қаласында жылдың басынан бері терезеден құлаудың 4 случаи тіркелді. Сондықтан, біз барлық ата-аналардан терезеге осындай блокиратор қоюларын талап етеміз.
Аулаға жиналған жұрт көкейдегі сауалдарын қойды. Полиция көтерілген мәселелерді шешуге көмектесетін болды. Мұндай кездесулер құқық қорғау саласы мен халық арасындағы байланысты нығайта бермек.
Ерзат Жанатұлы