Семейліктер сарыла күткен жөндеу бұл. Шаһар халқының ортақ тілегі орындалып, ол күнге де жетті. Аспалы көпірдің ескі асфальты алынады, жаңасы салынады. Енді тұрғындар тарапы түсінік танытуы тиіс. Көпірде кеше түнде басталған жұмыстар жайын Ерзат Жанатұлы рет – ретімен айтсын.
Ерзат Жанатұлы – Тілші
Семейдің аспалы көпірінде жөндеу жұмыстары басталды. Дәл қазіргі сәтте қаланың сол жағалауынан оң жағалауға қатынайтын көпірдің жүріс бөлігінде асфальтты қыру жұмыстары жүріп жатыр. Енді жұмыстар қалай жүреді? Бұл төңіректе Семей қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Әділбек Увасиловтан сұрап, білетін боламыз. Жұмыстар қалай жүреді?
Әділбек Увасилов – қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы
Қазіргі уақытта міне, Абай облысының әкімі Берік Уәлиұлының тапсырмасы бойынша, жол жөндеу жұмыстары Ертіс өзені арқылы өтетін аспалы көпірде басталды. Қазіргі уақытта мердігер ұйым бізде ТОО «Аламан строй групп» деген компания. Бұрынғы біздің жиырылып қалу мәселелері бұл енді, бір жерін жамаймыз, екінші жері жиырылып жатады. Сондықтан, енді қазір біз толығымен асфальт төсемін жаңадан салсақ, мұндай жиырылып қалу деген, ойылып қалу деген шаралар болмайды дегенге сенім білдіреміз. Бірінші күн бастады ғой. Қазір тағыда күшейтіп жатыр жұмыстарын. 80-ге жуық жаңағы жұмысшы тартады және бір 20 жуық техника, 15-20 техника қосылады.
Түстен кейін қала әкімінің міндетін атқарушы Бекжан Бапышев жұмыстың жайын білуге өзі келді. Жағдайға қанықты. Мұндағы жұмыс жеке бақылауымда, дейді Бекжан Мейрамбекұлы.
Бекжан Бапышев – Семей қаласы әкімінің міндетін атқарушы
Аспалы көпіріміздің жол жабынын ауыстыру бойынша жұмыстар қарқынды жүріп жатыр. Соны тексеруге өзіміз келіп тұрмыз. Енді жол жұмыстарының технологиясының сақталуы, олардың уақытылы жүргізілуі бойынша, ол күнделікті бақылауда болады.
Қала тұрғындары да көпірдегі жөндеу жұмыстарына түсіністік танытуда. Бірнеше жүргізушіні тоқтатып пікір сұрағанда осыған көз жеткіздік.
«Халық түсінеді түгелін. Мына жолымыз жақсарса болды бізге. Жолымыз жақсарып, көпіріміз жақсарып, жол жүргенімізге жасаса жақсы бізге. Бәрін түсінеміз біз оның».
«Мына көпірдің жасалып жатқанына қуаныштымыз. Енді біраз, көп кептелістер болатын шығар. Енді бірақ, дегенмен де ертерек шығып, шығуға тырысамыз ғой».
«Көпірдің жөнделгені жақсы болды. Ананың бәрін қырып отырып, жақсылап жөндегелі жатыр екен. Жақсы екен. Енді жылдамырақ, тезірік жөнделсе болды».
«Жасалғанына қуаныштымыз. Жасалғаны жақсы болады зато бәріне».
«Өту жағынан бәрі түгел жақсы енді. Таңертең енді ол, кешкісін болатын жағдай ғой кептелістер. Ал қазір жақсы. Ал мостың жасалғаны жақсы, ол дұрыс. Халыққа, бәрімізге түгел жақсы болады ғой».
Соңғы жиырма жыл жүзінде жарытып жөндеу көрмеген көпірдің жағдайын семейліктерден артық ешкім білмейді. Қара Ертістің қос қапталын жалғаған көпірден күніне мыңдаған көлік өтеді. Оңтүстіктен, Шығыстан шыққан жолаушылар да елдің орталығына осы арқылы өтеді. Сондықтан нысанның стратегиялық маңызы зор.
Ерзат Жанатұлы