Қазірде елімізде 184 спорт түрі бар. Бірақ саны бар болғанымен сапасы жоқ. Сондықтан спорт түрлері біртіндеп қысқартылады. Спорт әр аймақтың ерекшелігіне байланысты дамып, басымдық берілетін болады. Бұл туралы Ербол Мырзабосынов айтты.
Министрлік «Дене шынықтыру және спорт мәселелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын әзірлеген еді. Енді елімізде бар 184 спорт түрі біртіндеп қысқартылады. Мәжіліс бірінші оқылымда заң жобасын мақұлдады.Алайды бұл олардың толықтай тыйым салынып, жабылып қалатынын білдірмейді, бұл тек бөлінетін қаржыны тиімді жұмсауға мүмкіндік береді. Ербол Мырзабосыновтың сөзінше, ендігі кезекте мониторинг жүргізіліп, спорт түрлерінің басым бағыттары анықталады.
Ербол Мырзабосынов- Қр Туризм және спорт министрі
Әр өңірдің географиялық орналасуына байланысты, инфрақұрлымға байланысты, әр өңірдің спорттағы тарихына, мамандарына байланысты басым спорт түрлерін анықтау. Ол мына Олимпиада спорт түрлері бағдарламаларына енетін қысқы, жазғы олимпиада спорт түрлеріне, Азия ойындарының бағдарламасына кіретін, Параолимпиада, Параазия ойындарына, Сурдаолимпиадаға кіретін спорт түрлерінің жаңағы басым спорт түрлерін, сол қатарлы спорт түрлерін беруі. Бүгінгі күні заңнама шықаннан кейін, мониторинг топ бар, әр өңірлерге шығып, осы жоғарыда айтып кеткен критерияларға қарай басым спорт түрлерін анықтайтын боламыз.
Министр еліміздің бірегей табиғаты мен бай мәдени мұрасын, туристік мүмкіндігін толық пайдалану керек екенін айтты. Алакөлдің курорттық аймағы бағытында республикалық және облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын реконструкциялау жұмыстары жүргізілуде.Сондай-ақ осы мақсатта облысымыздағы әуежайлардың жағдайын жақсартып, рейстер санын ұлғайту қарастырылуда.
Ербол Мырзабосынов- ҚР Туризм және спорт министрі
Әрине біз бүгінгі күні сұранысқа қарай еліміздің ішінде де. Мысалы Абай облысын алсақ Алакөл бағытында осы рейстерді қарастырып, талдау жасап және мен жоғары айтып өттім біздің Үржар, солардың әуе қатынасы, аэропорттарын жұмыстарын түзеп, сол жерге рейстардың көлемін ұлғайтып және де ұшақтардың кіші ұшақтардан, үлкен ұшақтарға ауыстырып жаз мезгілдерде бұл жұмыстары көлік минстрлігімен, жергілікті әкімдіктермен атқарып жатырмыз.
Биыл 31 мамырда заңсыз ойын бизнесі мен лудоманияға қарсы 2024-2026 жылдарға арналған кешенді жоспар бекітілді. Ойын автоматтары мен лотерея терминалдарын әкелуді лицензиялау, заңсыз құмар ойындардың жарнамасын шектеу шаралары, лудомандар мен олардың жақындарына онлайн-қолдау көрсету енгізіледі. Құмар ойындарға және бәс тігуге үнемі қатысатын азаматтардың санын 350 мыңнан 200 мыңға дейін азайту жоспарлануда. Дегенмен Ербол Мырзабосыновтың сөзінше әзірге құмар ойындарына түбегейлі шектеу қойылмайды.
Ербол Мырзабосынов- Қр Туризм және спорт министрі
Енді бүгінгі күні басты біз заңнама аясында көптеген шектеулер қойып жатырмыз. Енді лудоманияға қарсы бұл біздің басты бір мақсаттарымыздың бірі. Бірақ толық шектеу қою олда біз ертең дұрыс бола ма. Халықаралық тәжірибені алсақ ертең оларда толық, ертең біз заң жағынан оған толық тыйым салсақ, ертең қадағалай аламыз ба оларды, басқа бағыттармен де жұмыс атқаруы мүмкін.
Қазіргі таңда құмар ойындардан өзін шектеу қызметін цифрлық форматқа көшіру бойынша жұмыстар аяқталды. 170 мыңнан астам адам eGov mobile қосымшасы арқылы құмар ойындарға өз еркімен қатысуын шектеген. Бұған дейін азаматтар 6 айдан 12 айға дейін шектей алатын еді. Енді бұл мерзім 10 жылға дейін ұзартылды, дейді туризм және спорт министрі.
Ербол Мырзабосынов- Қр Туризм және спорт министрі
Заңнама аясында сіздер білесіздер көптеген жаңағы халықпен жұмыс,ол жерде өзін-өзі шектеу жұмыстары жүріп жатыр. Әр азамат бұрын 6-12 айға шектесе, қазір өзін 10 жылға дейін шектейтін жұмыстар жүріп жатыр.
Өңірімізде туризмді дамыту мақсатында Семей қаласында демалуға арналған қызметтердің толық кешені бар Этноауыл жобасы іске асырылуда. Жоба аясында коворкинг-аймағын, қаладағы алғашқы мультибрендтік кәдесый дүкенін салу, түрлі этностар павильондарын орнату көзделген. Оған қоса этноауыл аумағында «Алаш мергендері» садақшылар федерациясы орналасады. Ал аймақты ақпараттық-имидждік дамыту мақсатында туристік тартымдылық орындары мен әлеуметтік маңызы бар нысандар бойынша онлайн карта бар. Туристерге арналған Abay Travel сайт-нұсқаулығы, сонымен қатар екі тілде «Абайдың жүрген ізімен» атты нұсқаулық және қазақ, орыс, ағылшын, қытай тілінде буклеттер әзірленді.