Семейде дендрологиялық жоспар — қаланың барлық жасыл желегінің егжей-тегжейлі цифрлық картасын жасау жұмыстары басталды. Бұл құжат қалалық экожүйені басқарудың маңызды құралы болады. Әр ағаштың тұқымы, жасы, қазіргі жағдайы және орналасқан жері туралы деректерді жинақтауға мүмкіндік береді.

Ағаштарды цифрландыру жұмысы қала әкімдігі мен "Горсвет" ЖШС арасында қол қойылған келісім шеңберінде атқарылады. Жобада "Е-Дендра" инновациялық жүйесі қолданылады. Бұл бағдарлама бар ағаштарды ескеріп қана қоймай, оларды күтіп-баптауды және жаңаларын отырғызуды жоспарлауға мүмкіндік береді. Абай облысының Табиғи ресурстар басқармасы басшысының айтуынша, қазіргі уақытта 50 мыңнан астам ағаш цифрландырылған. Олардың барлығы, отырғызу уақытына қарамастан, бірыңғай базаға енгізілетін болады. Жаңа ағаштарды қай жерге отырғызу керектігі және сынғалы, құлағалы тұрған қауіп тудыратын ағаштар туралы тізім жасалатын болады.

Айнұр Ақмырза-Абай облысы табиғи ресурстар басқармасының басшысы

Ақпараттық жүйені енгізу қалалық жасыл желектердің жай-күйін бақылауға және оларды тиімді басқару мақсатында мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді. Енді ағаштың күйін, оның жасын көруге және жаңа екпелерді отырғызу үшін оңтайлы жерлерді анықтауға болады.

Осы жылы Семей жасыл желектерге күтім жасауда қиындықтарға тап болды. Байқау процедуралардың бұзылуына және келісімшарттардың кешігуіне байланысты ағаштарды суару белгіленген мерзімнен кейін басталды, бұл өсімдіктердің бір бөлігінің қурап кетуіне әкелді.

Айнұр Ақмырза-Абай облысы табиғи ресурстар басқармасының басшысы

Байқаулар кешіктірілді. Нәтижесінде ағаштарды суару қажетті мерзімнен кеш басталды, бұл күтімнің жеткіліксіздігінен олардың қурауына әкелді. Осыған қарамастан, Президенттің тапсырмасы аясында биыл Семей қаласының ТҮКШ бөлімдері "Е-дендра"ақпараттық жүйесін пайдалана отырып, көгалдандырудың дендрологиялық жоспарын әзірлеуде. Бұл тұрғыда қаладағы барлық талдар цифрландырылады.

Айта кетейік, Семей дендрологиялық жоспар енгізіліп жатқан Қазақстанның бесінші қаласы. Мұндай жобалар Астана, Алматы, Павлодар және Көкшетауда жүзеге асырылды. Семейдегі жұмысты осы жылдың соңында аяқтау жоспарланған. Бұл жоба экологиялық жағдайды жақсартуға, қалалық ресурстарды ұтымды пайдалануға және жасыл аймақтарды басқарудың ыңғайлы құралын жасауға көмектеседі. Ағаштарды цифрландыру жасыл-желектерге күтім жасауды жеңілдетіп қана қоймайды, сонымен қатар қалада көгалдандыруды жоспарлауға негіз болады.